Алматы. 26 қаңтар. 7kun.kz – Биыл босанғанға дейінгі төлемдерді алу мерзімі бір сағатқа дейін қысқарады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Азамат өмірінің әрбір кезеңінде мемлекетпен қарым-қатынас жасайды – туғанда, балалық шағында, жоғары оқу орнына түскенде, отбасын құрғанда және т.б. Сондықтан біздің стратегиялық міндетіміз – әрбір өмірлік кезеңдегі әрбір өмірлік жағдайды талдау, қарапайым адамның не бастан өткеретінін түсіну, осы қиындықтардың барлығын азамат үшін қалыпты, түсінікті және ыңғайлы процеске аудару. Бұл үшін фокус-топтар жиналып, нақты мемлекеттік органдар, цифрлық вице-министрлер тартылатын болады», – деді Мусин.
Министрдің айтуынша, бизнес-процестерді қайта қараудан кейін оларды мүмкіндігінше проактивті қызметтерге көшіру жоспарлануда.
«Мәселен, баланың тууы туралы айтайық. Мұндағы негізгі мәселелер – кеңес алу үшін қайда бару керектігін, қалай тіркелуге және босанғанға дейінгі төлемдерді алу туралы түсініктің болмауы. Бұл біздің алдымызға 50 адамнан тұратын фокус-топқа қойылған сұрақтардың нәтижесінде алынған жауаптар, олар жүкті және босанған аналар болды. Көптеген түсініксіз процестер бар, ал ананың негізгі қажеттілігі осылар. Мысалы, пренатальды төлемдерді алу үшін 15 күн қажет. Биыл оны бір сағатқа дейін қысқартамыз», – деді министр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024