Алматы. 20 маусым. 7kun.kz – Бүгін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталып, 169 ҰБТ пунктерінде өткізілуде. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
Биылғы жылы ҰБТ 20-30 маусым аралығында өтеді. ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіргендердің жалпы саны – 117 242, оның ішінде осы жылы мектеп бітірушілер саны 96 380 құрады.
«Министрлік ҰБТ тапсыру кезінде кез келген бұзушылықтардың жолын кесу бойынша нақты қадамдар жасауда, соның ішінде үшінші тұлғалардың жақсы нәтиже алу үшін қызмет көрсетуі. Мұндай әрекеттер ҰБТ-ның объективтілігіне деген сенімді бұзады. Біз түлектер мен ата–аналарға қараймыз және барлық азаматтарды шет қалмауға және осындай жағдайларға бей-жай қарамауға шақырамыз», - делінген хабарламада.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, ҰБТ-2019 нәтижелерін @edu.gov.kz_bot Telegram-боты көмегімен, edu.mail.kz сайтынан, Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан – www.testcenter.kz білуге болады. Ол үшін әрбір тестіленушіге берілетін ТЖК (тестіленушінің жеке кодын) енгізу қажет.
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





