Қазақстанда бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің кезектен тыс және мәслихаттың кезекті сайлауы өтеді.
Астана уақытымен таңғы 7.00-де елдің басым өңірлерінде сайлау басталады. Сайлау 20.00-ге дейін жалғасады. Парламенттің төменгі палатасының орындарына барлығы алты партия - «Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы және «Бірлік» саяси партиясы қатысады. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің 98 депутаты, сондай-ақ облыстық, Астана, Алматы қалалық мәслихаттарының 550 депутаты, қалалық мәслихаттардың 625 депутаты және аудандық мәслихаттардың 2160 депутаты сайланады. Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер ретінде алты саяси партияның атынан 234 кандидатты тіркеді. ҚР-дағы сайлауды 964 халықаралық байқаушы қадағалайтын болады. Сонымен қатар ол дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін байқауға кандидаттар мен партиялардың сенім білдірген адамдары, қоғамдық бірлестіктер, ҮЕҰ, Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024