Нұр-Сұлтан. 19 қыркүйек. 7kun.kz – Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният дәрігерлердің қателігі үшін жазаны жеңілдетуді ұсынды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Денсаулық сақтау министрлігі заң жобасы шеңберінде медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық құқық бұзушылықтарды ізгілендіру және Қылмыстық кодекстің 317-бабының санкциялық шараларын төмендету бойынша нормаларды ұсынып отыр. Мысалы, денсаулыққа байқаусызда орташа және ауыр зиян келтіргені үшін айыппұл мөлшерін және қамауға алу мерзімін азайтау, денсаулығына ауыр зиян келген немесе пациент қайтыс болған жағдайда бас бостандығын айыру жазасының мерзімін қайта қарап, бас бостандығын шектеуге ауыстырылсын деген норма енгізіліп отыр», - деді министр.
Оның айтуынша, осы заң жобасы арқылы медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізіліп, соның есебінен зардап шеккен науқастарға төлемақы беріледі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024