Экономика
Қазақстанда «Doing Business» қосалқы ұлттық рейтингісі» жобасы іске қосылды
Қазақстан өңірлерінде «Doing Business» қосалқы ұлттық рейтингісі» жобасы іске қосылды, деп мәлімдейді ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
Бүгін Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Шымкент қаласында Қазақстанда «Doing Business» қосалқы ұлттық рейтингі» жобасын іске қосу тұсаукесері ұсынылған кеңес өткізді.
ҚР ҰЭМ-де түсіндіріп өткендей, қосалқы ұлттық рейтинг сегіз өңірдің облыс орталықтарында (Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Қостанай, Шымкент) құрылысқа рұқсат алу, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу, кәсіпорындарды ашу, меншікті тіркеу индикаторлары бойынша өткізіледі.
«Жобаның негізгі мақсаты бизнесті жүргізу жеңілдігі көрсеткіштері бойынша өңір рейтингісін анықтау болып табылады. Жобаны Қазақстанда іске асыру бизнестің реттелуін салыстыруға және оның Қазақстанның жеке өңірлерінде сақталуы арқылы кәсіпкерлік қызметті реттеуге және Қазақстан қалалары арасында бәсекелестікті дамыту мен табысты реформалар мысалында алдынғы қатарлы тәжірибенің таралуын ынталандыруға жәрдемдеседі», - деп баса айтты ҚР ҰЭМ-де.
Кеңес нәтижелері бойынша Қайырбек Өскенбаев сегіз өңір әкімдіктеріне «Doing Business» рейтингісінің бағыттарына жауапты мемлекеттік органдармен бірігіп өз өңірлерінде жобаның іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Қазақстанның 2015 жылы «Doing Business» жаһандық рейтингісінде әлемнің 189 елі арасында 41-орынға ие болғаны анық. Дүниежүзілік Банк Қазақстанды реформаларды барынша көп өткізген – он бағыттың жетеуінде 19 реформа – мемлекет ретінде анықтаған.
Қазақстанда «Doing Business» қосалқы ұлттық рейтингісін енгізу Үкіметтің елде бизнес ахуалды жақсарту бойынша жүйелік жұмысының жалғасы болып табылады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024