Алматы. 18 қараша. 7kun.kz — Құрылыс процестерінің ашықтығын арттыру және тұрғын үй құрылысының сапасын бақылауды қамтамасыз ету үшін Е-Qurylys бірыңғай ақпараттық жүйесі әзірленіп жатыр. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" жаңа бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы электрондық жүйеге көшіріледі. Келесі жылдан бастап Е-Qurylys бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу жоспарланған.
"Біз өңірлердегі тұрғын үй құрылысының барысын көре алу үшін, еліміздің барлық құрылысын көре алатын бағдарламаны әзірлеуді өтіндік. Қазір бұл жүйе әзірленді", - деді Қайырбек Өскенбаев.
Объектілердің құрылысы бойынша барлық деректер Blockchain жүйесінің ашық платформасына енгізіледі, онда барлық материалдар, соның ішінде құрылыс материалдары мен жұмыс ырғағы көрінеді.
Вице-министрдің айтуынша, халыққа арналған жеңілдетілген тұрғын үй құрылысы қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап береді.
"Жаңа бағдарламада тұрғын үй халық үшін қолжетімді және арзан болуы үшін екі затты біріктіруіміз қажет. Өз бағдарламамызда біз бірінші кезекте жалға берілетін тұрғын үйдің қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін III және IV санаттағы тұрғын үйлерге назар аударамыз », - деп толықтырды Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі.
Осы жылдар ішінде тұрғын үйдің ең көп көлемі Нұр-Сұлтан, Алматы, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында енгізілгенін атап өткен жөн. Республика бойынша жылдық жоспар 13 млн шаршы метрді құрайды. Бір тұрғынға тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші 21,9 шаршы метрге жетті.
Бұдан басқа, "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық дамуының жаңа бағдарламасының міндеттерінің бірі тұрғын үй қорына күрделі жөндеу жүргізу және қайта жаңарту шараларын қарастырады. Бүгінгі күні республиканың тұрғын үй қорында 78 мыңнан астам көппәтерлі үй бар, оның ішінде 18 мың үйі күрделі жөндеуді қажет етеді. 2020-2021 жылдары өңірлерге 30 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр, бұл 700 үй мен 126 үйді айналма қаражат есебінен жөндеуге мүмкіндік береді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024