Алматы. 7 маусым. 7kun.kz – Көктемгі егістік алқабы 19 млн гектар болды, - деп мәлімдеді ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров.
«Қазіргі уақытта барлық өңірлерде егіс науқаны аяқталды. Көктемгі егіс алаңы 19 млн гектарды құрады, оның ішінде дәнді дақылдар – 14,5 млн га, майлы дақылдар – 2,7 млн га, көкөніс пен бақша дақылдары және картоп – 458,3 мың га, жемшөп дақылдары – 1,2 млн га, өнеркәсіптік дақылдар (қант қызылшасы, мақта, темекі) – 144 мың гектар», - деді ол 7 маусымда өткен брифингте.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабын былтырғыға қарағанда әртараптандыру шеңберінде астық дақылдарының (арпа, сұлы, астық, бұршақ), көкөніс пен бақшалардың, картоп пен жемдік дақылдардың аумақтарын кеңейту күтілуде.
Ағымдағы егін егу науқаны үшін 2,5 млн тонна тұқым себілді, бұл сұраныстың 100%-ына сәйкес келеді, соның ішінде 1 958,1 мың тонна астық және бұршақты тұқымдар (жоспардың 102%-ы), майлы дақылдар – 71, 4 мың тонна (жоспардың 101%-ы), жем – 36,1 мың тонна (жоспардың 97%-ы), картоп – 454,0 мың тонна (жоспардың 100%-ы).
Ағымдағы жылдың егіс науқанына 147 мың трактор, 4 мың бірлік жоғары өнімді егістік кешендер, 79,5 мың бірлік астық тұқым сепкіштер, 249,0 мың топырақ өңдеу құралдары қатысты. Ал, 2018 жылы 142,6 мың трактор, 3,7 мың жоғары өнімді егістік кешендер, 82,5 мың тұқым сепкіш, 297,0 мың топырақ өңдеу құралдары қатысты.
Техника құралдарының паркін ұлғайтуда инвестициялық субсидиялар және жабдықтар лизингі бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау сияқты мемлекеттік қолдау шаралары маңызды рөл атқарды.
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін наурыз-маусым айларында 380 мың тонна дизель отыны бөлінді (2018 жылы – 375,0 мың тонна). Қазіргі уақытта өңірлерге 334,5 мың тонна (88%) тиелді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024