Алматы. 7 наурыз. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-ақпанында мемлекеттік бюджетке түскен салық түсімдері мен төлемдер көлемі 1,6 трлн теңгені құрады.
2018 жылдың екі айындағы көрсеткішпен салыстырғанда (1,3 триллион теңге) бюджетке салық төлеу 17,4%-ке артты.
Ең үлкен салық көлемі Алматыдан (367 млрд теңге), Атырау облысынан (256,9 млрд теңге) және Астанадан (214,7 млрд теңге) түсті.
Алматы облысында екі айда 78,7 млрд теңге, Қарағанды облысында – 78,4 млрд теңге, Ақтөбе облысында – 75,6 млрд теңге, Маңғыстау облысында – 68,8 млрд теңге, ШҚО – 64,5 млрд теңге, БҚО – 61,8 млрд теңге, Павлодар облысында – 58,7 млрд теңге, Қостанай облысында – 35,3 млрд теңге жиналды.
Өз кезегінде Түркістан облысынан түскен түсімдер 34,3 млрд теңгені, Ақмола облысынан – 30,9 млрд теңгені, Қызылорда облысынан – 29,9 млрд теңгені, Шымкенттен – 28,1 млрд теңгені құрады.
Ал, Жамбыл облысы 16,7 млрд теңге және СҚО 13,9 млрд теңге салық жинады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024