Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда электр энергия тапшылығы байқалса, майнерлер тоқтан ажыратылады

Қазақстанда электр энергия тапшылығы байқалса, майнерлер тоқтан ажыратылады

Нұр-Сұлтан. 7 маусым. 7kun.kz – Қазақстанда электр энергия тапшылығы байқалған жағдайда майнерлер электр жарығынан ажыратылады. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Министрлік QazaqGaz ұлттық компаниясымен бірлесе тұтынушылардың жаңа санаттарын: ірі коммерциялық тұтынушыларды және цифрлық майнинг өндірумен айналысатын тұлғаларды заңнамалық тұрғыдан енгізу мәселесін қарастыруда.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, «ақ» майнерлер елде шамамен 380 мегаватт электр энергиясын тұтынады.

«Бірақ олар пайда болуы мүмкін, сондықтан біз оларды тұтынушылардың басқа тобына ауыстырғымыз келеді», – деді Болат Ақшолақов.

Айта кетейік, 1 қаңтардан бастап Қазақстанда цифрлық майнинг үшін төлем енгізілді. Ол тұтынылған электр энергиясының нақты көлемі үшін алынады. 2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша бюджетке цифрлық майнингтан 652 миллион теңге түсті.

Похожие материалы