Алматы. 15 шілде. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар–мамыр айларында электр энергиясын өндіру 44,3 млрд кВт/сағ болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (46,7 млрд кВт/сағ) 4,9%-ға аз, деп хабарлайды Energyprom.kz.
Құндық мәнде электр энергиясын өндіру, беру және тарату 449,9 млрд теңгені құрады - өткен жылы 520,5 млрд теңге.
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметі бойынша, жалпы алғанда 2018 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында электр энергиясын өндіру 107,1 млрд кВт/сағ (жыл бұрын — 103,1 млрд кВт/сағ) құрады.
Қазақстандық электр энергиясы мен қуаты нарығының операторының деректері бойынша электр энергиясын өндіру 44,1 млрд кВт/сағ құрады — өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (46,4 млрд кВт/сағ) 5%-ға кем. Деректер ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректерінен шамалы ерекшеленеді.
Электр станцияларының түрлері бойынша өндірудің ең үлкен көлемі жылу және газ турбиналы электр станцияларына тиесілі: 39,7 млрд кВт/сағ, үлесі - 89,9% (бір жыл бұрын — 42 млрд кВт/сағ, немесе 90,5%) құрады.
Гидроэлектр станциялары 4 млрд кВт/сағ электр энергиясын немесе жалпы көлемнің 9,1%-ын (бір жыл бұрын — 4,2 млрд кВт/сағ немесе 9%) өндірді. Қалпына келтірілетін электр энергиясы көздерінің өндіріс көлемі 433,4 млн кВт/сағ (бір жыл бұрын — 262,8 млрд кВт/сағ) құрады.
Өз кезегінде, электр энергиясын тұтыну бір жылда 0,8%-ға өсіп, 44,1 млрд кВт/сағ болды.
Электр энергиясын Павлодар облысы ең көп тұтынды: 8 млрд кВт/сағ (өткен жылы — 8,2 млрд кВт/сағ). Сондай-ақ, ТОП-3 құрамына Қарағанды және Алматы облыстары кірді - 7,6 млрд және 4,7 млрд кВт/сағ.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024