Алматы. 7 қараша. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында электр энергиясын өндіру, беру және бөлу 794,8 млрд теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне өнеркәсіп өндірісінің индексі — 104,3% (бір жыл бұрын — 105,3%). Бұл туралы energyprom.kz хабарлады.
Электр энергиясының бағасы өсті: өткен аймен салыстырғанда қазан айында 0,7%-ға қымбаттады.
Бұдан басқа, елдегі электр энергиясының генерациясы бір жыл ішінде 1,7%-ға қысқарды және 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 77,7 млрд кВт·с құрады.
Бұл ретте электр энергиясының ең көп өндірісі әдеттегідей Павлодар (31,4 млрд кВт·сағ), Қарағанды (11,3 млрд кВт·сағ) және Шығыс Қазақстан (7,2 млрд кВт·сағ) облыстарына тиесілі.
Құндық мәнде Павлодар облысында электр энергиясын өндіру, беру және тарату 170,6 млрд теңгені, Қарағанды облысында — 105,4 млрд теңгені құрады. Алдыңғы қатарлы өңірлердің үштігіне Алматы облысы да кірді: 65,3 млрд тг.
Сонымен қатар, ҚР өңірлерінің арасында электр энергиясын тұтынудың ең үлкен көлемі Павлодар (14,2 млрд кВт·сағ) және Қарағанды (13,1 млрд кВт·сағ) облыстарына, сондай-ақ Алматы облысына (8,1 млрд кВт·сағ) тиесілі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024