Астана. 18 қазан. 7kun.kz – Қазақстанда 11 жастан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында электронды темекіні тұтыну төрт жыл ішінде 3 есе өскен, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бұл көрсеткіш Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстанда жүргізген зерттеуі нәтижесінде белгілі болды.
«Әрбір азық-түлік дүкенінде сатылатын вейптердің бағасы 2000 теңгеден аспайды. Ол жастар үшін қолжетімді. вейпті 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға заңмен тыйым салынады. Алайда, кодекстің қолданыстағы нормасы темекі өнімдеріне тыйым салу және темекі өнімдерін ашық көрсету бөлігінде орындалмайды және оны кәсіпкерлер елемейді. ДДҰ-ның Қазақстандағы зерттеуіне сенсек, 11 жастан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында электронды темекіні тұтыну төрт жылда 3 есе өсті», – делінген Денсаулық сақтау министрлігі ашық талқыға шығарған арнайы тұжырымдамада.
Оның ішінде, ұлдардың 15 пайызы және қыздардың 6 пайызы оларды қолданып көргенін мойындады.
Министрлікте мәселенің шешімі ретінде жасөспірімдер мен балаларға электронды темекі сатуға, тұтынуға және вейп айналымына шектеу қоятын норманы жетілдіру керектігін атап өтті.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024