Нұр-Сұлтан. 26 шілде. 7kun.kz – Қазақстанда электрсамокат тебетіндерге жас шектеуін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Электрсамокат жүргізу үшін жүргізуші куәлігінің болуы талап етілмейді. Электрсамокатпен жолға, велосипед жолына немесе қоғамдық көлік жолағына және жаяу жүргіншілерге арналған жолаққа шығатын жүргізушінің жасы 16-да болуы міндетті шарт болады», – деді Жандос Мұраталиев.
Оның айтуынша, электрсамокат түнде анық көрінетіндей жарық немесе жарық шағылыстырғыш жолақтармен жабдықталуы керек.
Биыл «Жол қозғалысы туралы» заңға, жол жүру ережелеріне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізілмек.
Айта кетейік, 1 шілдеде Қазақстанда электрсамокаттарының техникалық сипаттамаларын белгілейтін ұлттық стандарт күшіне енді.
Еске салайық, Қазақстанда «Электрсамокаттары» ұлттық стандартының жобасы әзірленді. Құжатта самокаттардың максималды жылдамдығы – 25 км/сағ дейін екені қарастырылған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024