Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстанда 2020 жылдың қаңтарында 2019 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 1,1%-ға (313 теңге) өсіп, 30 мың теңгеден асты.
Қаңтар айында азық-түлік өнімдеріне 16,5 мың теңге, ал азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге 13,5 мың теңге бөлінді.
Ең жоғары күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында (35,4 мың теңге), Нұр-Сұлтанда (33,5 мың теңге) және Алматыда (33,1 мың теңге), ал ең төмен күнкөріс деңгейі Павлодар облысында (26,2 мың теңге) және БҚО (26,8 мың теңге) тіркелді.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі Ақтөбе, Түркістан (әрқайсысы 2%-дан) және Алматы облыстарында (1,9%) қымбаттады. Ал Нұр-Сұлтанда баға өзгерген жоқ.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





