Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда ерлі-зайыптылардың зейнетақы аннуитеті енгізілді

Қазақстанда ерлі-зайыптылардың зейнетақы аннуитеті енгізілді

Астана. 29 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда ерлі-зайыптылардың зейнетақы аннуитеті енгізілді. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бұл жоба ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстардың зейнетақы жинақтарын біріктіруге, оларға жеке кесте бойынша өмір бойы төлемдер белгілеуге мүмкіндік бермек.

«Мәселен, 55 жастағы күйеуі мен әйелінің тиісінше 11,6 млн теңге және 5 млн теңге мөлшерінде зейнетақы жинақтары бар. Бұл жағдайда күйеуі үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшеріндегі ай сайынғы төлеммен зейнетақы аннуитетінің ең төмен құны 7,4 млн теңгені, ал әйелі үшін 9,2 млн теңгені құрайды. Яғни әйелдің жинақ сомасы жеке зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жеткіліксіз. Мұндай жағдайда жіинақтарды біріктіру және бірлескен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу арқылы, ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өмір бойы төлемдер алуға мүмкіндіктері болады», – деді ол.

Оның айтуынша, бірлескен зейнетақы аннуитеттерін енгізу азаматтардың жинақ бастамаларын арттыруға және зейнеткерлікке шыққан кезде оларға қосымша жинақтарды қамтамасыз етуге жол ашады.

Айта кетейік, 2022 жылдың 12 шілдесінде президент «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын.  

Похожие материалы