
Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz — Алматы облысында фри-картоп өндірісін жолға қоюға 43,1 млрд теңге жұмсайды. Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасынан хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, жобаны іске қосу 2020 жылға жоспарланған.
"Farm Frites Eurasia жобалық-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, қаржыландыру шарттарын талқылауда. Жобаның құны 43,1 млрд теңге", - деп хабарлады ведомствода.
Қуаты – жылына 70 мың тонна фри-картоп. Дайын өнімді тек ішкі нарықта ғана емес, сыртқы нарықта да сату жоспарланып отыр. 450-ден астам адам жұмыспен қамтылады.
Сондай-ақ, әкімшілік зауыт құрылысының орны әлі анықталмағанын атап өтті.
«Осыған байланысты, жоба құны, оның қуаттылығы, отандық өнімді ұсыну үлесі және экспорттық бағдар бөлінген аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін», - деді ведомствода.