Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда газ бағасына мемлекеттік реттеу енгізіледі

Қазақстанда газ бағасына мемлекеттік реттеу енгізіледі

Астана. 11 қаңтар. 7kun.kz – Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ айналымын реттеу процестерінің реинжинирингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Заң жобасын депутаттар сұйытылған мұнай газының айналымын реттеудің заңнамалық базасын өзгерту мақсатында әзірлеген.

«Сұйытылған мұнай газының бағасы 2022 жылдың қаңтарында наразылық акцияларының шартты триггеріне айналды. Бағаның тұрақсыздығы, басқалармен қатар, саланың кең тараған бұлыңғырлығы, жосықсыз делдалдық, көлеңкелі экспорттың үлкен көлемі және соның салдарынан болған отын тапшылығына алып келді», – деді Мәжіліс депутат Екатерина Смышляева.

Сондай-ақ депутат сұйытылған газды өндіруден тұтынушыға өткізуге дейінгі тізбектегі ұйымдарды есепке алу тәртібі ұсынылып отырған айтты.

Оның айтуынша, заң жобасы сұйытылған газға баға белгілеу әдістемесін анықтау, оны өндіру сатысында да, бөлшек саудада өткізу сатысында да реттеу құқығын беруді көздейді. Заң жобасы сұйытылған газ нарығындағы барлық процестерді барынша автоматтандыруға және цифрландыруға бағытталған. Нарық субъектілері фискалдық деректер операторына көлемдер, баға және бөлшек сауданың нақты орны туралы ақпаратты беруге міндетті болады. Көтерме ағындар туралы мәліметтерді алу үшін сұйытылған газ тауарлардың шот-фактураларымен бірге жүруі қажет тауарлар тізіміне енгізіледі.

Похожие материалы