Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-шілдесінде Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 53,8 млрд теңгені құрады.
2018 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,7%-ға өсті. Жеті ай ішінде Қазақстан тауарлар мен шикізатты 32,9 млрд долларға экспорттады (3,7%-ға қысқару), ал 20,9 млрд долларға импорттады (11,7%-ға өсу).
Сонымен қатар, Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 11,3 млрд долларды құрады, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,8%-ға аз, оның ішінде Одақ елдеріне экспорт 5,7%-ға 3,4 млрд долларға дейін қысқарды, импорт сол деңгейде қалып, 7,9 млрд долларды құрады.
Сауданың ең үлкен көлемі Ресейге тиесілі. Бұл елге 3 млрд долларға тауар сатылды, ал 7,4 млрд долларға импортталды.
Беларуське экспорт 57,4 млн долларды, импорт 357,3 млн долларды құрады.
Арменияға жеті айда 3,9 млн долларға өнім сатылып, 3 млн долларға сатып алынды.
2019 жылдың қаңтар-шілдесінде Қырғызстанға экспорт 317,3 млн долларды, ал бұл елден импорт 142,9 млн долларды құрады.