Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда инфляция деңгейі жыл басынан бері 3,7% құрады

Қазақстанда инфляция деңгейі жыл басынан бері 3,7% құрады

Алматы. 2 қараша. 7kun.kz – 2018 жылдың 10 айында азық-түлік тауарларының бағасы – 2,6%, азық-түлік емес тауарлардың құны – 5,1%, ақылы қызметтерге 3,5%-ға өсті, - деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі.

2018 жылдың басынан бағаның өсуі құмшекерге – 20,9%, мәйекті ірімшікке – 10,6%, консервіленген сүтке – 9,4%, жылқы етіне – 8,5%, сары майға – 7,4%, қышқыл сүт өнімдеріне – 6,2%, шошқа етіне, шұжық өнімдеріне – 5,8%-дан, сиыр етіне – 5,3%, қой етіне 5,1% болып белгіленді. Бағаның төмендеуі сарымсаққа – 37,2%, тәтті бұрышқа – 36,1%,скартопқа – 28%, жуаға – 24,1%, қарақұмық жармасына – 21,2%, сәбізге 14,8% болып тіркелді.

Баға өсімі автомобильдерге, құрылыс материалдарына – 6,3%, киім және аяқ киімге – 6,1%, фармацевтикалық өнімдерге – 6%, тұрмыстық аспаптарға – 5,9%, тоқыма бұйымдарына – 5,8%, кеңсе тауарларына – 5,7%, жеке қолданатын тауарларға – 5,2%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 4,4%, жиһаз және үйге қажетті заттарға 4,1%-ды құрады. Дизель отыны – 20%, тас көмір – 6,8%, баллондағы сұйытылған газ 6%-ға қымбаттады, ал бензин 2,7%-ға арзандады.

Баға деңгейі кабельдік телевизия қызметтеріне – 11,4%-ға, құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне – 6%-дан, мектепке дейінгі балалар мекемесінің, медициналық қызметтеріне – 5,5%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 4,3%, санаторийлер қызметтеріне – 3,8%, жоғары білім – 3,6%-ға, ұялы байланыс қызметтеріне, интернет желісіне шығу үшін абоненттік төлеміне 3,1%-дан өсті. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы – 13,7%, темір жол көлігімен – 8,1%, қалааралық автобус – 6,3%, ішкі қалалық автобуспен 3,1%-ға қымбаттады.

Похожие материалы