Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда инфляция жыл соңына дейін 21% жетуі мүмкін

Қазақстанда инфляция жыл соңына дейін 21% жетуі мүмкін

Алматы. 21 қараша. 7kun.kz – «Қазақстанда инфляцияның төмендеуіне әзірге ешқандай алғышарттар жоқ. Сондықтан болжам бойынша жыл соңына дейін елімізде инфляция деңгейі 20-21%-ға жетуі мүмкін. Бұл Jusan Analytics зерттеу орталығының басқарушы директоры Әнуар Қуандықов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша. отандық экономикада жақын уақытта анау айтқандай өзгерістер орын ала қоймайды. Болжам бойынша Қазақстанда экономикалық өсім бәсеңдеуін жалғастырып, жыл соңына қарай 2,5%-ды құрауы мүмкін. Оның үстіне отандық Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 60%-дан астамын құрайтын 6 ірі сала: ауыл шаруашылығы, байланыс, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және қоймалау бойынша соңғы 4 салада өсім төмендеп жатыр.

Ал өткен жылдың соңында елімізде экономикалық өсім 4,3%-ды көрсеткен еді. Бұдан басқа спикер қазіргі уақытта инфляция – әлемде ең басты сын-қатерлердің біріне айналып, жаппай сипат ала бастағанын жеткізді.   

«Біз 80 елдің экономикасына талдау жүргіздік. Олар әлемдік ЖІӨ-нің 80-90%-ын құрайды. Сол 80 елдің 60-ында инфляция мақсатты межеден 2 есе жоғары болса, 28 елде 4 есе жоғары. Ал біздің елде 3 есеге артық», - деді Ә. Қуандықов.

Әлемдік экономиканың өсімі де бәсеңдеп жатыр. Халықаралық валюта қоры мен басқа да халықаралық сарапшылардың болжамынша биыл өсім өткен жылғыдан төмен болмақ.  

«Қазір әлемдік экономиканың өсімі 3,2%-ды құрайды. Жыл басындағы көрсеткіш – 4,4%. Болжам бойынша алдағы жылы өсім 2,7%-ға дейін төмендейді. Одан да төмен болуы мүмкін. Өйткені қазір қымбатшылыққа, ықтимал дағдарысқа қатысты әлемде ортақ мәміле, ортақ келісім жоқтың қасы», - деді Jusan Analytics жетекшісі.

Похожие материалы