2019 жылғы мамырда қолма-қол ақшасыз төлемдер сомасы 839,7 млрд теңгеге жетті — бұл төлем карталары бойынша барлық айналымның 40,1%-ы. Мұндай деректерді ranking.kz келтіреді.
Бұл ретте қолма-қол ақшасыз төлемдерге көшуде елді цифрландыру және интернеттендіру маңызды рөл атқарып отыр. Тікелей интернет және мобильді қосымшалар арқылы қолма — қол ақшасыз төлемдер сәуір айының қорытындысы бойынша 533,3 млрд теңгені құрады — барлық қолма-қол ақшасыз төлемдердің 63,5%-ы, ал 2018 жылы 50,7% және 2015 жылы 9,1% ғана.
Елдегі төлем карталарының саны айтарлықтай өсіп келеді. Мамырда Қазақстанда 13,3 млн белсенді карта тіркелген, өткен жылы бұл көрсеткіш 12,2 млн және 2015 жылы 7,1 млн болды. Олардың ішінде дебеттік карталар — 10,1 миллион, өткен жылы 8,5 миллион және 2015 жылы — 6,1 миллион.
2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда төлем карталарын 28 банктің 22-сі, сондай-ақ ұлттық почта операторы шығарады.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024