Алматы. 13 қараша. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-қазанында байланыс кәсіпорындары 602,4 млрд теңге табыс тапты. Бұл 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға артық.
Атап айтар болсақ, жергілікті телефон байланысы қызметтері – 32,9 млрд теңге (3,9%-ға кем), Интернетке қол жеткізу – 201,3 млрд теңге (6,7%-ға артық), ал ұялы байланыс қызметтері – 180,1 млрд теңге (2,7%-ға артық) болды.
Байланыс қызметтерінің жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес кең жолақты Интернетке (33,4%) және ұялы байланысқа (30%) тиесілі. Ал, өзге де телекоммуникациялық қызметтер кірістердің 17,5%-ын, жергілікті телефон байланысының жұмысы – 5,5%-ын, кабельдік инфрақұрылым және сымсыз желілер бойынша бағдарламаларды тарату бойынша қызметтер – 4,9%-ды құрады.
Қазанда тіркелген телефон желісі абоненттерінің саны – 3,3 млн-нан астам, ұялы байланыс абоненттерінің саны – 26,2 млн, Интернетке қол жеткізе алатын ұялы байланыс абоненттерінің саны – 13,8 млн, тіркелген Интернет абоненттерінің саны – 2,5 млн бірлікті құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024