Алматы. 10 маусым. 7kun.kz — Қазақстанда тіркелген ірі компаниялардың саны бір жыл ішінде 3,9%-ға өсті және 2019 жылғы сәуір айының соңында 2,46 мыңды құрады, оның 2,38 мыңы - жұмыс істеп тұрғандар (бір жыл ішіндегі өсім — 4,2%). Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.
Жұмыс істеп тұрған ірі компаниялар санының едәуір өсуі Атырау облысында тіркелген: 17,6%-ға, 120 кәсіпорынға дейін. Екінші орында Маңғыстау облысы: өсім - 12,8%, 97 ірі компанияға дейін. Көшбасшылар үштігін Нұр-Сұлтан аяқтайды, 7,6%-ға, 299 компанияға дейін өсті.
Ең ірі жұмыс істейтін компаниялар Алматыда шоғырланған: 537 кәсіпорын, жыл ішінде өсім — 5,7%.
Салалар бойынша ең үлкен өсім өнер, ойын-сауық және демалыс саласында байқалды: бірден 22,9%-ға, 43 компанияға дейін.
Сондай-ақ әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету (21,1%-ға, жұмыс істеп тұрған 132 кәсіпорынға дейін), тұру және тамақтану бойынша қызметтер (16,1%-ға, 36 компанияға дейін) салалары өсімі бойынша көшбасшылар қатарында.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024