Алматы. 19 желтоқсан. 7kun.kz – 1 жылда ірі қара мал саны 5%, түйе 6%, ал жылқы саны 7% өскен, - деп хабарлайды Energyprom.kz.
2018 жылғы қаңтар-қарашада мал шаруашылығының жалпы өнімі 13%, яғни 1,8 трлн теңгеге өскен.
Ең жоғары көрсеткіш Алматы (1 жылда 309,1 млрд тг, +16,5%), Шығыс Қазақстан (254 млрд тг, +11%) және Түркістан облыстарында (228,7 млрд тг) болды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің салалық бағдарламасы бойынша алдағы 10 жылда сүт және құс етін өндіруді үш есеге арттыру жоспарланып отыр. 2021 жылға дейін Ақмола және Қарағанды облыстарында ет комбинаты мен 16 сүт фермасы салынады. Мұның барлығы сүт өнімдеріне және тауық етіне импорттық тәуелділікті жоюдың нақты қадамдары.
Мал шаруашылығы саласында соңғы 11 айда өндірілген жұмыртқалардың саны 10,6%-ға, яғни 5,1 млрд данаға дейін айтарлықтай өсті.
Төрт түлік пен құс етінің саны да жылдан-жылға артып келеді. Мәселен, бір жыл ішінде жылқы саны 7,3% -ға, яғни 2,5 миллион басқа дейін өсті. Түйе саны 6,5%, яғни 203 мың басқа дейін, ал ірі-қара мал саны 7 миллион басқа дейін өсті.
Үй құстарының саны 9%, яғни 45,3 миллионға дейін өскен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024