Алматы. 2 қазан. 7kun.kz – Қазақстанда жыл басынан бері бірқатар тауар мен қызмет көрсету едәуір қымбаттады. Бұл жөнінде Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды Азаттық.
Үкімет отырысында сөйлеген Дәленов Қазақстанда ең көп қымбаттаған тауарлар дизель (38,2%), қызылша (18,3%), қырыққабат (16,7%) пен көмір (15,2%) және қала маңына қатынау жолақысы қызметі екенін айтты.
Вице-министр Қазақстанда инфляция деңгейі 5-7% аралығындағы деңгейде сақталатынын айтты. 2017 жылдың қыркүйегі мен 2018 жылдың қыркүйегі аралығындағы жылдық инфляция деңгейі 6,1% болған. Дәленовтің сөзінше, инфляцияның ұлғаюына көмір, дизель және АИ-92 маркалы бензин бағасының қымбаттауы едәуір ықпал еткен. Тұтас алғанда, 2017 жылдың желтоқсанындағы көрсеткішпен салыстырғанда азық-түлік бағасы 2,3%-ға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 4,3%-ға қымбаттаған.
Дегенмен, жыл басынан бері бірнеше облыста кейбір тауарлар мен коммуналдық қызмет түрлерінің бағасы 15%-дан 87%-ға дейін қымбаттаған. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында қоқыс жинау бағасы 87%-ға (тамызда жан басына 115 теңгеден қыркүйекте 215 теңгеге), Алматы қаласында 62,2%-ға (341 теңгеден 553 теңгеге) қымбаттады. Батыс Қазақстан облысында сұйытылған газ бағасы 25%-ға, Қызылорда облысында орталықтан жылыту қызметтерінің бағасы 21,3%-ға, Павлодар облысында қатты отын бағасы 15,3%-ға қымбаттады.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024