Қазақстанда киіктердің санын реттеу үшін ақылы аңшылық енгізілмек – министр
Нұр-Сұлтан. 23 тамыз. 7kun.kz – Қазақстанда киіктердің санын реттеу үшін ақылы аңшылық енгізілуі мүмкін. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, киіктер популяциясын реттеу үшін келесі жылы ақылы аңшылыққа рұқсат етілуі мүмкін. Нақты шешім қазандат қабылданады.
«Қазір күн тәртібінде келесі жылы спорттық-әуесқойлық аңшылық ұйымдастыру және өткізу мәселесі қаралуда. Бұл ақылы аңшылық болады. Біз бұған дейін киік Қызыл кітапқа енбегенін айттық. Бізде аңшылыққа 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тыйым салынған. Бұл мәселелер қазір қаралуда, қазан айының соңына дейін бір шешімге келеміз», – деді Брекешев.
Экология министрлігі ғылым министрлігімен бірлесіп биологиялық талдау жүргізу үшін күзде 500 бас киікті тірідей ұстауды жоспарлап отыр. Анализ жасалғаннан кейін жануарлар қайтадан табиғатқа жіберілетіні атап өтілді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024