Қазақстан. 14 қараша. 7kun.kz – Қазақстанда киім бір жылда 14,6%-ға қымбаттады, деп хабарлайды 7kun.kz Еnergyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Киім бағасы ең жоғары Астанада (25%-ға), Қызылорда (19,8%-ға) және Ақмола облыстарында (19%-ға), ал ең төмен Ақтөбе облысында (9,7%-ға) қымбаттады. Бір жылда ерлер киімі 14%-ға, әйелдер киімі 14,1%-ға, балалар киімі 17,2%-ға қымбаттады.
2022 жылдың тоғыз айында елде 43,1 млрд теңгеге киім өндірілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 12,7%-ға артық. Өндіріс бойынша көшбасшылар – Шымкент (шығарылған тауардың құны жылына 7,4 млрд теңгені, плюс 44% құрады), Алматы (6,9 млрд теңге, плюс 15,2%) және Алматы облысы (4,2 млрд теңге, минус 48,6%).
2022 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанға трикотаж және тоқыма киімдерінің импорты заттай 71 мың тоннаны және құндық мәнде 888,9 млн долларды құрады. ТМД елдерінен 16,9 мың тонна киім әкелінді (минус 2,9%). Негізгі жеткізуші Өзбекстан болды (10,2 мың тонна, минус 5,4%).
Алыс шетелдерден Қазақстан 54,1 мың тонна киім импорттады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8%-ға көп. Ал импорт көлемі бойынша Қытай (39,3 мың тонна) және Түркия (12 мың тонна) көш бастап тұр.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024