Алматы. 16 шілде. 7kun.kz – 2019 жылдың басынан бастап жеңіл автокөліктердің бағасы 6%-ға өсті, - деп хабарлайды «КазАвтоПром».
Одақтың ақпаратына сәйкес, 2019 жылдың І жартыжылдығында сатып алынатын жаңа көліктің орташа құны 8,8 млн теңгені құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға өсті.
«Қазақстандық өндірістің автокөлік сегментінде бұл сан орташа нарықтық мәннен айтарлықтай төмен болып, 6,6 млн теңгені құрады. Импорттық автокөліктің орташа құны 10,9 млн теңге белгісінде тіркелді», – деп хабарлады одақта.
Мәселен, 2019 жылдың алты айының қорытындысы бойынша сатып алушылардың үштен бірі (29,3%) автокөліктерді 5 млн теңгеден асырмаған. Ұйымның ақпараты бойынша, бір жыл бұрын бұл сегмент нарықтың 38,9%-ын иеленген. Сонымен қатар, баға диапазонында 5 млн теңгеден 7 млн теңгеге дейін 19% техника (5840 бірлік) сатылды. Сегменттің үлесі бір жарым пайыздық тармаққа төмендеді.
Қазақстандықтардың 14% - ы құны 7 млн-нан 10 млн теңгеге дейінгі (4271 бірлік) автокөліктерді таңдады. Олардың үлесі екі пайыздық тармаққа қысқарды.
Бизнес (10-15 млн теңге) және премиум-класс (15 млн теңгеден астам) сегментіне келетін болсақ, олар жаңа автомобильдер нарығының тиісінше 26,9% (8275 бірлік) және 10,9%-ын (3348 бірлік) алды.
Ең қолжетімді отандық автокөліктердің бестігіне Lada Granta (3,1 млн теңге), Chevrolet Niva (3,4 млн теңге), Lada 4x4 (3,6 млн теңге), Ravon Nexia (3,8 млн теңге), Renault Logan (4,1 млн теңге) кірді.
Ең қымбат модельдердің рейтингісін Porsche 911 Turbo (61,8 млн теңге) бастап тұр. Одан әрі BMW i8 (60,9 млн теңге), Mercedes-Benz G-class (52 млн теңге), Porsche Panamera (51,8 млн теңге) және BMW 8 сериясы (50 млн теңге) орналасқан.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024