Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда көліктер қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда көліктер қымбаттауы мүмкін

Теңгенің әлсіреуіне байланысты Қазақстанда көліктер қымбаттауы мүмкін. Бұл болжамды «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, елдегі көлік құнына АҚШ долларының бағамы әсер етеді. Халықаралық қақтығыстарға байланысты АҚШ валютасысының бағамы артқан сайын автокөліктер де қымбаттауы мүмкін.

«Бізде бірнеше айға жуық ескі бағамен сатып алған отандық көліктердің құрамдас бөліктері бар. Одан кейін Қазақстанда құрастырылған көліктердің бағасы да теңге бағамына байланысты өзгереді деп күтілуде», - дейді ол.

Бұған дейін Несіпбаев логистиканың айтарлықтай қымбаттауына байланысты көлік бағасының 5-7 %-ға өсетінін болжаған болатын. Ал Ұлттық банк ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

Похожие материалы