Статистика комитетінің мәліметі бойынша, бұл көрсеткіш бір айдың ішінде 7,5%-ға (2 мың теңгеге), ал жыл басынан бері 13,8%-ға өскен.
Айта кету керек, күнкөріс минимумында азық-түлікке 16 мың теңге, ал азық-түліктік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге 13,1 мың теңге бөлінген.
Ең жоғарғы күнкөріс минимумы Маңғыстау облысында тіркеліп отыр. Аталған өңірдегі бұл көрсеткіш 36,3 мың теңгені құрайды. Одан кейінгі орындарда Астана (33,9 мың теңге) және Алматы (32,6 мың теңге) тұрса, ең төменгі күнкөріс минимумы Жамбыл (25,4 мың теңге), Түркістан облыстарында (25,5 мың теңге) және Шымкенте (26,1 мың теңге) тіркелген.