
Астана. 16 қараша. 7kun.kz – Қазақстанда ұлттық ESG рейтингтік агенттігін құру жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан қаржыгерлерінің Х конгресі аясында өткен «ESG – қаржы нарығын дамытудың жаңа парадигмасы» атты халықаралық конференцияда ESG ұлттық рейтингтік агенттігінің мәселесі талқыланды.
Конференцияда қатысушылар қаржы нарығына жауапты инвестиция қағидаттарын енгізуді неліктен ынталандыру қажеттігін, оны ілгерілетуге қаржы институттары қалай қатыса алатынын, инвесторлар үшін жауапты инвестицияның нақты критерийі қандай екенін талқылады.
«Бұл процесті бағалау және бақылау жақын арада құруды жоспарлап отырған Ұлттық рейтингтік ESG агенттігіне тапсырылады. ESG Finance панельдік талқылауында – банктік қаржыландыруда ESG қағидаттарын енгізу, рейтингтерді тағайындау және сенім деңгейін бағалау мәселелері, сондай-ақ бірнеше сәтті жобаларды көрсету арқылы ESG қаржыландырудың практикалық тәсілдері талқыланды», – делінген хабарламада.
Конференцияға 800-ден астам адам қатысты, оның ішінде мемлекеттік компаниялардың, қаржы, энергетика және IT секторларының өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар, аудиторлық және консалтингтік компаниялардың өкілдері бар.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025