Қазақстан. 21 шілде. 7kun.kz – «Қазгидромет» мемлекеттік метеорологиялық қызметі 2022 жылдың маусымында Қазақстанның көптеген өңірлерінде температуралық рекордтардың орнағанын хабарлады.
8 маусымда Қарағандыда ауаның максималды температурасы +34,0°с құрап, 1994 жылғы рекордты бұзды (+33,7°с). Ал 11 маусымда Өскеменде ауа температурасы +37,2°с дейін көтерілді, онда соңғы рет ең жоғары ауа температурасы 2003 жылы байқалып, +32,7°С құраған болатын.
Елдің оңтүстік жартысында қарқынды жылу толқыны айдың басында және үшінші онкүндіктің екінші жартысында байқалды. Күндізгі ауа температурасы +38+44°С дейін көтерілді.
25 Маусымда Қызылордада ең жоғары ауа температурасы +44,2°с тіркелді, бұл 2000 жылғы рекордтан асып түсті, ол кезде ауа температурасы +41,9°с белгісіне жеткен еді.
Жезқазғанда ең жоғары ауа температурасы +42,0°с, соңғы рет осындай жоғары ауа температурасы 1998 жылы (+39,7°с) байқалды.
Ақтауда 27 маусымда ауаның максималды температурасы +43,1°с-қа жетіп, 2021 жылғы рекордты бұзды (+39,6°с).
29 маусымда Алматыда ең жоғары ауа температурасы тіркеліп, 1998 жылғы рекордты (+34,6°с) жаңартып, +35,5°с болды.
Таразда ауа температурасы +41,0°с болды, бұл көрсеткіш 1994 жылғы рекордты бұзды (+37,8°с).
Шымкентте бір ай бойы ауаның ең жоғары температурасы +40,4°с құрады, соңғы рет ең жоғары ауа температурасы 1990 жылы (+40,0°с) болған еді.
Түркістанда ауаның максималды температурасы +43,0°С болып, 1993 жылғы +40,8°C рекордын жаңартты.