Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда McDonald's-тың орнына «Біз ашықпыз» мейрамханалары ашылуда

Қазақстанда McDonald's-тың орнына «Біз ашықпыз» мейрамханалары ашылуда

Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz – Бүгін Алматыда бұрынғы McDonald's мейрамханалары атаусыз ашылды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бұрын McDonald's брендімен жұмыс істеген «Food Solutions KZ» ЖШС-не тиесілі бірқатар мейрамхана қайта жұмыс істей бастады.

«Food Solutions KZ» ЖШС бас директоры Әсет Машановтың айтуынша, әзірге мейрамхана маңдайшасына атау ілінбейді, бірақ жақында жаңа атау беріледі.

Компания өкілі фаст-фуд мейрамханаларын ашу кезең-кезеңімен іске асырылатынын, бастапқы кезеңде Алматыда 5 мейрамхана ашылатынын жеткізді.

Еске салайық, 2023 жылғы 5 қаңтарда McDonald's Қазақстандағы жұмысын тоқтатты.

Похожие материалы