Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда мұнай бағасы қалай қымбаттады

Қазақстанда мұнай бағасы қалай қымбаттады
Алматы. 9 қараша. 7kun.kz - 2018 жылы қазанда Қазақстан мұнайы 1,9%-ға қымбаттап, тоннасы 62,5 мың теңгеге жетті. Ал қыркүйек айында оның бір тоннасы 61,3 мың теңгеге бағаланды. Жыл басынан бері мұнай бағасы 27,6%-ға өсті. Өз кезегінде Ақтөбе мұнайы жыл басынан бері 38,7%–ға (тоннасы 71,5 мың теңгеге дейін), Маңғыстау – 41%-ға (60,7 мың теңге), ал Атырау - 20,7%-ға (58 мың теңге) қымбаттады. Статистикалық комитеттің мәліметтеріне сәйкес, қазан айында ең қымбат мұнай Қызылордада болды. Осы өңірдегі шикізаттың бір тоннасы 90,8 мың теңгеге (жыл басынан бергі өсім 32,1%) бағаланды. Сонымен қатар дизель отыны 10 айда 22,6%–ға, ал отындық мазут - 16,8%-ға қымбаттады.

Похожие материалы