Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда наурыз айында инфляция бірден 12%-ға өсті

Қазақстанда наурыз айында инфляция бірден 12%-ға өсті

Қазақстанда наурызда инфляция бірден 12%-ға өсті. Әсіресе азық-түлік тауарлары қымбаттады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, Қазақстанда наурызда жылдық тұтынушылық инфляция деңгейі 12,00%-ды құрады. Бұл ағымдағы жылдың ақпанымен салыстырғанда 3,3%-ға артық. Ал азық-түлік тауарларының бағасы (5,8%) бір айда ең жоғары өсті, одан кейін азық-түлік емес тауарлар (2,8%) және ақылы қызметтер (1,4%) болды.

Инфляция компоненттері тұрғысынан азық-түлік бағалары бойынша күрт өсу байқалады. Мәселен, наурызда азық-түлік инфляциясы айындағы 10,0%-дан бірден 15,4%-ға дейін өсті.

Сондай-ақ наурызда азық-түлікке жатпайтын инфляция да рекордтық жылдық деңгейді көрсетіп, ақпандағы 8,6%-дан 10,9%-ға көтерілді.

Бұл ретте, бір ай ішінде азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар арасында: қырыққабат (49,6%-ға), құмшекер (34,3%-ға), пияз (31,2%-ға), банан (27,6%-ға), сәбіз (15,3%-ға) және жемістер мен көкөністер (13,9%-ға) қымбаттады.

Сонымен қатар, наурызда жылдық сервистік инфляция деңгейі 8,3%-ға дейін төмендеді. Ал ақпан айында бұл көрсеткіш 7,1%-ға тең болған еді.

Осылайша, Украинадағы соғыстың геосаяси салдарынан Қазақстанда жалпы инфляциялық фон күрт нашарлады. Бұл Ресейдегі тұтыну инфляциясының одан әрі жеделдеуіне алып келді, ал ол тиісінше импорт арқылы біздің инфляциямызға да әсер етті. Қазірдің өзінде Ресейдегі жылдық инфляция деңгейі 15%-дан асып кетті.

Похожие материалы