Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда өнеркәсіп өнімдерінің бағасы қаншалықты өсті

Қазақстанда өнеркәсіп өнімдерінің бағасы қаншалықты өсті

Алматы. 05 тамыз. 7kun.kz — Қазақстандық өнеркәсіптік кәсіпорындар 2018 жылдың маусымымен салыстырғанда 2019 жылдың маусым айында өз өнімдерінің бағасын 8,2%-ға арттырды. Қазастандағы бағаның өсуі Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында ең жоғарғы болды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлады.

Мәселен, Ресейде өнеркәсіпшілер бір жыл ішінде өнім құнын 4,1%-ға көтерді. Беларусьте – 6,9%-ға және Қырғызстанда - 0,7%-ға өсті. Арменияда, керісінше, баға 2,1%-ға төмендеді.

Секторлар бөлінісінде Қазақстан тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда бағаның өсуі бойынша көш бастап тұр, жылдық өсім - 10,8%. Ресейде бұл көрсеткіш 5,7%-ды, Беларусьте - 6,1%-ды, Қырғызстанда - 2,4%-ды құрады. Арменияда бір жыл ішінде баға 12%-ға төмендеді.

Өз кезегінде Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінде өнім бағасының жылдық өсімі 7,5%-ға жетті. Бұл салада ел тек Беларуське жол береді - 8,3%.

Жалпы, ЕАЭО өнеркәсібіндегі жылдық инфляция маусым айында 4,5%-ды құрады.

2019 жылдың басынан өнеркәсіп бағасының өсуіне қатысты, Қазақстан осы көрсеткіш бойынша да Одақта көшбасшы болды - 4%.

Ресейде жарты жылда баға 0,6%-ға өсті. Беларусьте - 3,9%-ға, Қырғызстанда - 2%-ға өсті. Арменияда 3,2%-ға төмендеді.

Похожие материалы