Алматы. 5 желтоқсан. 7kun.kz — Ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанының соңында орташа айлық жалақы 161,8 мың теңгені құрады, жылдық өсім 9,3%. Бір жыл бұрынғы көрсеткіш 148 мың теңге, ал жылдық өсім 4,8% болған. Finprom.kz осындай мәліметтер ұсынады.
Соңғы бес жылда жалақының максималды өсуі 2016 жылы - 13,3%, ал нақты жалақы индексі 96,7% болды. Бұл бағаның өсуі жалақының өсуінен асып түскенін көрсетеді.
Осы жылдың нақты жалақы индексі 103,1% -ды құрады. 2017 жылы инфляцияның әсерінен жалақының нақты құны 2%-ға төмендеген болатын.
2018 жылдың III тоқсанының соңында орташа айлық жалақының ең көп көрсеткіші Атырау облысында тіркелді, 310,6 мың теңге. 2017 жылы бұл көрсеткіш (275,9 мың теңге) 12,6% - ға кем болған. Екінші сатыда Маңғыстау облысы орналасқан, оның көрсеткіші 4,8%-ға арттып, 273,2 мың теңгені құрады. Ең жоғары орташа айлық еңбекақысы бар өңірлердің үштігін Астана қорытындылайды. Елордалықтардың орташа айлық табысы - 240,7 мың теңге.
Ең аз еңбекақысы бар өңірлердің үштігіне Түркістан (98,8 мың теңге), Солтүстік Қазақстан (110,9 мың теңге) және Жамбыл облысы (111 мың теңге) кірді.
Өңірлер арасындағы ең жоғарғы және ең төменгі орташа еңбекақы айырмашылығы 211,7 мың теңге болды.
Орташа айлық жалақының ең көп өсімі бар Топ-3 өңір: Батыс Қазақстан (16,4%), Жамбыл (13,2%) және Атырау облыстары (12,6%).
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024