«Қазақстанның Даму банкі» АҚ автокөліктер сатып алуға жеке тұлғаларды несиелеу түрінде ҚР Ұлттық қоры қаражатынан 11 млрд теңгені қазақстандық автокөлік өнеркәсібін қолдауға бағыттайды, деп хабарлайды қаржы институтында.
«Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясаты аясында «Қазақстанның Даму банкі» АҚ (ҚДБ) Ұлттық қор қаражаты есебінен қазақстандық көлік құрастыру кәсіпорындарын қолдауға 11 млрд теңге бөледі. Аталған қаражат Қазақстанда құрастырылған автокөліктерді сатып алуға жеке тұлғаларды несиелеу үшін төрт коммерциялық банкке бағытталды», - делінген таратылған хабарламада. ҚР Үкіметімен бекітілген жеке тұлғаларға жергілікті өндірілген жеңіл автокөлік сатып алуға несие беру шарттары: атаулы сыйақы мөлшерлемесі – ең көбі жылдық 4%, сонымен қатар жылдық тиімді мөлшерлеме (оған сақтандыру және автокөлікті кепілге рәсімдеу шығындары кіреді) жылдық 7,5%-дан аспауы тиіс. Несие мерзімі – ең көбі 5 жыл, қарыз валютасы – теңге, жеңіл көліктің бір бірлігінің бағасы – ең көбі 9 000 000 теңге, бастапқы жарна (бар болған жағдайда) – сатып алынатын көліктің бағасынан ең көбі 20%. Автонесиелер келесі банктер арқылы беріледі: «Қазақстан Халық банкі» АҚ (3 млрд теңге), «Еуразиялық Банк» АҚ (3 млрд теңге), «Сбербанк России» АҚ ЕБ (3 млрд теңге), «Банк Центр Кредит» АҚ (2 млрд теңге). Қарыз алушыларға «СарыарқаАвтоПром» ЖШС және «АЗИЯ АВТО» АҚ кәсіпорындарында құрастырылатын «Kia», «Toyota», «Chevrolet», «Skoda», «Hyundai» және т.б. сияқты брендтердің 37 көлік моделі ұсынылады. Қаржыландырудың белгіленген лимиттері әр автокөлік өндірушіге 5,5 млрд теңгеден құрайды. ҚДБ www.kdb.kz сайтында автокөлік модельдерінің толық тізбесімен танысуға болады. Фото:forbes.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024