Алматы. 5 қаңтар. 7kun.kz – 1 қаңтардан бастап елде отбасының цифрлық картасы іске қосылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, онда мемлекеттік органдардың барлық дерекқоры жинақталған. Ол жүйе арқылы азаматтар табыс деңгейін, жылжымалы және жылжымайтын мүліктің болуын, отбасы құрамын, кредиттің болуын және тағы басқа әртүрлі ақпаратты тексере алады.
Қазіргі таңда отбасылық цифрлық картада Қазақстанның 19,5 млн азаматы немесе 6,3 млн отбасы туралы ақпарат жинақталған.
Әлеуметтік қиындық туындаған жағдайда ОЦК жәрдемақы немесе әлеуметтік төлемді проактивті түрде алуға мүмкіндік береді.
«Ол үшін ОЦК арқылы әлеуетті жәрдемақы алушыға SMS-хабарлама жіберіледі және оң жауап болған жағдайда оған тиісті төлем тағайындалып, тиісті қаражат банктік шотына аударылады. Апробация кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алу үшін барлығы 56,9 мың SMS-хабарлама жіберіліп, жауап берген 12,9 мың азаматқа қолдау шаралары көрсетілді», – делінген министрлік хабарламасында.
Еске салайық, ОЦК 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде іске қосылды. Отбасы цифрлық картасы арқылы жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрін алуға болады:
- жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер;
- бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер; - жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер;
- асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер;
- мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-анаға (қамқоршыға) берілетін жәрдемақылар, мүгедектігі бойынша жәрдемақылар;
- көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар; «Күміс алқа» немесе «Алтын алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға берілетін жәрдемақылар;
- атаулы әлеуметтік көмек.
Сондай-а, азаматтарға цифрлық карта арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туралы автоматты хабарлама жіберіледі.
2023 жылы әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтер тізбесі кеңейтіледі. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы мемлекеттік кепілдіктер енгізіледі. 2025 жылдан бастап жоғарыда аталған үш салада мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлері қамтылмақ.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024