Алматы. 23 шілде. 7kun.kz — Республиканың өзендері, көлдері, су шаруашылығы құрылыстары мен уақытша ағындары аудиттен өтеді, деп хабарлады Үкімет отырысында вице-премьер Жеңіс Қасымбек.
"Су ресурстарының аудиті, ирригациялық жүйелер мен сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымы мәселелері бойынша: бүгінгі күні ауданы бір шаршы километрден және одан жоғары көлдердің атласы жасалды, ол 2 328 көлді қамтиды. Сондай-ақ 2 552 өзен бойынша ақпарат бар. Ағымдағы жылдың соңына дейін өзендерге, уақытша су ағындарына және көлдерге толық түгендеу жүргізу жоспарланып отыр", - деді Премьер-министрдің орынбасары.
Алдағы уақытта су объектілерін зерттеу тұрақты негізде жүргізіледі. Бұдан басқа, ағымдағы жылдың соңына дейін республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының жай-күйіне визуалды аудит жүргізіледі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024