Алматы. 25 қазан. 7kun.kz – 2018 жылдың 9 айында Қазақстанда пошта және курьерлік қызмет көлемі 24,2 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7%-ға көп, - деп хабарлайды Еnergyprom.kz.
Ең көп қызмет көлемі қаржы орталығына тиесілі. Алматыда - 56%, 13,5 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 1,7% көп.
Астанада «Қазпошта» ұлттық операторы елдегі электрондық коммерцияны белсенді дамыту үшін арнайы база құрған. Осылайша, елордада интернет-дүкендерге көмек көрсету үшін арнайы фулфилмент-орталықтар қызмет етуде. Орталық қызметкерлері тауарды қабылдап, сақтайды, оны буып-түйіп, тұтынушыға жібереді.
«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов қазіргі кезде интернет-дүкен ашу үшін сайт ашу жеткілікті екенін атап өтті. Бүгінде Қазақстанда интернет арқылы сатып алушылар саны 1,5 миллион адамға жетіп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға артық.
«Қазпошта» АҚ ІТ және трансформациялар жөніндегі басқарушы директоры Асқарбек Алшанбаевтың мәліметіне сәйкес, Қазақстанда E-commerce шамамен 3%-ды құрап отыр. АҚШ-та бұл көрсеткіш 15%, ал Ресейде - 5-6%. Алшанбаев өсімнің қарқынды жүріп жатқанын және 2-3 жылда Ресей деңгейіне жететінін атап өтті.
Ағымдағы жылы халық пошталық және курьерлік қызметтердің жалпы көлемінің 26,1%-ын (6,32 млрд теңге) төлеген. Ауылдық жерлердің үлесіне 6,8% тиесілі, оның үштен екісі халыққа көрсетілді.
Үш тоқсанның қорытындысы бойынша халыққа сәлемдемелерді жіберу жылына 3,8%-ға қымбаттады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024