Экономика
Қазақстанда Президенттің тапсырмасы бойынша мұғалімдердің мәртебесі туралы заң әзірленеді
Алматы. 5 қазан. 7kun.kz - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке мұғалім мәртебесі туралы заң дайындауды және мұғалімдерді тұрақты тексерулерден босатуды тапсырма етіп берді.
«Келесі жылы мұғалімдердің мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеп, қабылдау керек», - деді Н.Назарбаев, жұма күнгі Астанада өткен Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы кезінде.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл заң мұғалімдер мен мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлерін барлық жағынан ынталандыруы тиіс.
«Жүктемені азайтыңыз, күтпеген тексерулерден қорғаңыз. Кей жерлерде жүктің бәрі мұғалімдерге артылады. Сайлау өткізілсе – мұғалімдер, науқан өткізілсе – мұғалімдер, тағы бір жұмыс шықса – мұғалімдер. Бұл үшін оларға ақы төленбейді», - деді елбасы.