2015 жылдың соңында Қазақстандағы нақтыланған мұнай көлемі 30 млрд баррелді немесе жалпы әлемдік деңгейдің 1,8%-ын құрады. Әлем энергетикасы бойынша жыл сайынғы сараптамасында BP осындай мәлімет келтірді.
Республикадағы көмірсутекті шикізат қоры (газ конденсаты мен басқа да газ конденсатындағы сұйықтықтарды қоспағанда) 2014 жылдан бері өзгермеген. Компания мәліметінше, 1995 жылдың соңында республикадағы көрсеткіш тек 5,3 млрд баррель болса, 2005 жылы 9 млрд баррелге жеткен.Айта кетейік, "Еуропа мен Еуразия" аумағындағы қор көлемі жөнінен 102,4 млрд баррелмен Ресей көш бастап тұр. Қазақстан 2 орын иеленеді.
2015 жылдың соңында әлемде барлығы 1,7 трлн баррель қор болды. Олардың 1,2 трлн баррелі ОПЕК елдеріне тиесілі.
KAZENERGY ассоциациясының мәліметінше, 2014 жылы Қазақстанда нақтыланған мұнай қоры 10 млрд баррелді құрайды.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





