Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда «қант алаяқтары» пайда болды

Қазақстанда «қант алаяқтары» пайда болды

Орал. 8 шілде. 7kun.kz – Қант тапшылығы мен оның бағасының күрт өсуіне байланысты қантты арзан бағамен ұсынатын алаяқтар пайда болды, деп хабарлайды 7kun.kz «Astana tv-ға» сілтеме жасап.

Орал қаласының тұрғындары «қант алаяқтарының» құрбаны болды. Өңірде егін жинау науқаны басталып, халық арзан бағаға қант іздеуд. Осы аралықта жарнама сайттарында қанттың 1 кг-сі 250-300 теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпараттар пайда болған.

Сатушылар қоңырауларды WhatsApp арқылы қабылдап, тек көтерме сатуды ұсынады.

Алаяқтар тіпті келісімшарт жасасып, құжат көрсетіп, өнімнің фотосуреттерін жібереді, бірақ қант сол күйі тұтынушыларға жетпейді. Орал полициясы қазір осыған ұқсас екі факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Полицейлердің айтуынша, «қант алаяқтарын» анықтау оңай емес. Олар мықтап жасырынып немесе тіпті басқа елде орналасқан.

«Клиенттермен сөйлесіп, ақшаларын алып, сатып алушының мекенжайына 5 қап қант жіберетіндіктерін айтады. «Ақша жіберсеңіз болды, онсыз мен жібермеймін», дейді алаяқтар. Осыдан кейін тұрғындар ақша жіберіп, алаяқтар олрады бұғаттап тастайды», - дейді Батыс Қазақстан облысы ІІД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкіл Ілияс Мұқанов.

Айта кетейік, интернеттегі алаяқтардың саны күрт өсті. 5 жыл бұрын облыстың 26 ​​тұрғыны желіде алданып қалса, қазір алаяқтардың құрбандары 20 есе артқан.

Похожие материалы