Алматы. 4 наурыз. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында әкімшілік полиция органдары 250 640 бірлік автокөлікті тіркеді. Бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 14,9% жоғары. Бұл туралы 7kun.kz сауалына жауап берген ҚазАвтоӨнеркәсіп баспасөз қызметі хабарлады.
Алғаш рет тіркелетін автокөлік саны - 11 784 бірлік болды. Бұл 2018 жылдың ұқсас мерізіміндегі көрсеткіштен 17,5%-ға артық.
Автокөліктердің 203 856 бірлігі иелерін ауыстырып, техниканы қайта тіркеген. Бұл да өткен жылмен салыстырғанда 14,8%-ға (177 571 бірлік) жоғары.
Жыл басынан бері қайта тіркелген көлік құралдарының үштен екісінен астамы (71%) 10 жылдан асқан техника болды. Ең көбі 20 жылдан асқан көлік құралдары (43,3% немесе 88 206 бірлік).
11 жылдан 20 жылға дейінгі көлік құралдары – 27,7% (56 379 бірлік), 4 жылдан 7 жылға дейінгі көлік құралдары – 19,7% (40 225 бірлік), 8 жылдан 10 жылға дейінгі көлік құралдары – 5,9% (12 014 бірлік), 1 жылдан 3 жылғадейінгі көлік құралдары – 3,4% (6 875 бірлік), 1 жылдан төмен - 0,1% (157 бірлік).
"Бұл деректер бойынша отандық парктің жоспарлы түрде ескіріп келе жатқанын айта аламыз. Осылайша, қайталама нарықтағы қайта сатулардағы 20 жастан асқан көлік құралдарының үлесі 2018 жылғы қаңтар-ақпанда 38,6%-дан есепті кезеңде 43,3%-ға дейін өсті, ал 1-ден 3 жасқа дейінгі көлік құралдарының үлесі 4,7%-дан 3,4%-ға дейін қысқарды", - дейді хабарламада.
2 айдың қорытындысы бойынша қайталама тіркеулердің ең көп саны Алматы облысында (32 мың 488), Алматыда (24 мың 722) және Түркістан облысында (20 мың 537) тіркелді. Алматы облысының тұрғындары 20 жастан асқан (19 мың 89) көлік құралдарының ең көп санын тіркеді. Осы өлшем бойынша кейін Түркістан (10 мың 531) және Жамбыл (7 мың 806 ) облыстары көш басында орналасқан. Бір жастан кіші көлік құралдарының ең көп саны Алматыда (43), Ақтөбе (31) және Атырау (11) облыстарында қайта тіркелді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024