Алматы. 15 сәуір. 7kun.kz – Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында қылмыс деңгейі 5,4%-ға төмендеді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48834 қылмыс тіркелді, - деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан».
ҚР Статистика комитетінің мәліметі бойынша, есепті кезеңде жалпы ел бойынша әрбір 10 мың адамға 164 қылмыс келді. Аталған кезеңде жеке тұлғаға қарсы 2 612 қылмыс, оның ішінде 130 қасақана кісі өлтіру және адам өлтіруге оқталу, 356 денсаулыққа ауыр зиян келтіру оқиғасы тіркелген.
Бұдан басқа, 2019 жылдың қаңтар-ақпанында қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы 1 996 қылмыс, меншікке қарсы бағытталған 36 933 қылмыс, оның ішінде 26 205 ұрлық тіркелген. Қаңтар-ақпан аралығында тергелген қылмыстар бойынша жалпы республика бойынша материалдық шығын сомасы 11 млрд 797,2 млн теңгені құрады, оның 45,9% - ы меншікке қарсы қылмыстарға, 10,3%-ы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға тиесілі.
2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында есірткіге байланысты 1 407 қылмыс тіркелді. Бұдан басқа, әскери қызметшілердің жасаған 70 қылмысы тіркелді, бұл 2018 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 0,1% артық.
Есепті кезеңде республиканың құқық қорғау органдары қылмыс жасаған 15 853 адамды анықтады, оның ішінде 11,9% - әйелдер, 2,5% - кәмелетке толмағандар, 1,8% - лауазымды тұлғалар, 24,3% - бұрын қылмыс жасаған адамдар. Сонымен бірге барлық анықталған кінәлілердің 84,2% -ы жұмыссыз болды.
Қылмыстық жауапкершілікке 6 059 адам тартылды. Орта есеппен Қазақстан бойынша есепті кезеңде әрбір сегізінші құқық бұзушы мас күйінде және әрбір жетінші қылмыскер - топ құрамында қылмыс жасады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024