Қазақстанда қымыз, шұбат және қоюлатылғын сүт өнімінің өндірісі азайды, деп хабарлайды LS.
Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, 2015 жылдың қаңтар-қазан айларында қымыз өндірісі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,2%-ға, яғни 695 тоннадан 617 тоннаға азайған. Ал шұбат өндірісі 1,4 мың тоннаны құрады. Бұл 2014 жылдың қаңтар-қазан айындағы есептік кезеңімен салыстырғанда 17,3%-ға аз. Өңделген сүт өнімінің көлемі 2015 жылдың есептік кезеңінде 3,5%-ға төмендеп, 42,9 мың тоннаны құрады. Ал қоюлатылған сүт пен кілегей көлемі 23,3%-ға, яғни 5,7 мың тоннаға азайған. Ірімшік және сүзбе өнімдері 2014 жылдың қаңтар-қазан айларрымен салыстырғанда 2,3%-ға артып, 19 мың тонна болды. Сондай-ақ, қазақстандық сүт тағамдарын өндіруші кәсіпорындар йогурт өнімін 6,5%-ға арттырып,155,7 мың тоннаға жеткізген.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024