Алматы. 7 қараша. 7kun.kz — Қазақстанда жұмыс істеп тұрған шетелдік компаниялардың саны өсіп келеді. Жыл басынан бері олардың саны 10,5%-ға артқан.
Елдегі ең көп шетелдік компаниялар Ресейге (6,9 мың), Түркияға (1,9 мың), Қытайға, Өзбекстанға (1,1 мыңнан) және Қырғызстанға (873) тиесілі.
Ал Ауғанстанның Қазақстанда 150-ден астам ұйымы бар және бұл ел ең көп өсімді тіркеді. Ауғанстан капиталы қатысатын компаниялардың саны жыл басынан бері 50%-ға өскен.
Сондай-ақ, тәжік компанияларының саны 33,1%-ға, ирандықтар - 32,1%-ға, қырғыздар - 21,6%-ға, қытайлықтар - 18,7%-ға, беларуссьтер - 18,2%-ға өсті.
Бірқатар елдер, керісінше, Қазақстандағы компаниялар санын қысқартты. Виргин аралдарынан келген кәсіпорындар жыл басынан 13,3%-ға, Украинадан – 11,4%-ға, Нидерландыдан - 6,1%-ға және Ұлыбританиядан - 2%-ға кеміді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024