Алматы. 19 тамыз. 7kun.kz — 2019 жылдың бірінші тоқсанында сәулет, инженерлік іздеулер, техникалық сынақтар және талдау саласындағы қызметтер көлемі 161,4 млрд теңгеге жетті - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,7%-ға көп. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлайды.
2019 жылдың бірінші тоқсанындағы қызмет көрсету бойынша ҚР аймақтарының арасында Атырау облысы көш бастап тұр: 79,2 млрд теңге, өсім - 30,6%.
Екінші орында - Алматы: 24,7 млрд теңге - өткен жылмен салыстырғанда 14,1%-ға кем. Үздік үштікті Нұр-Сұлтан түйіндейді: 10,2 млрд теңге — 2018 жылдың қаңтар–наурызымен салыстырғанда 0,7%-ға кем.
Сәулет, инженерлік іздеулер, техникалық сынақтар мен талдау саласында көрсетілетін қызметтердің көлемінде инженерлік іздеулер және осы саладағы техникалық кеңестерді ұсыну (атомдық қондырғылар мен атом энергетикасын қоспағанда) саласындағы қызметтердің үлесі жоғары: шамамен 95 млрд теңге, оның ішінде 1%-дан кемі ауылға тиесілі.
Геологиялық барлау және іздестіру (ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерсіз) жүргізу бойынша қызмет көлемі 23,5 млрд теңгені құрады, оның 40,9%-ы немесе 9,6 млрд теңгесі ауылға тиесілі. бұл ауылдық жерлердегі қызмет түрлері бойынша қызметтердің ең үлкен көлемі.
Үшінші орында - сәулет саласындағы қызметтер (атом өнеркәсібі мен атом энергетикасы объектілерін қоспағанда): 19,2 млрд теңге, оның ішінде ауылға — 2,5%.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024