Алматы. 4 қазан. 7kun.kz – Қазақстанда тұңғыш рет «Al Hilal» ислам банкі» АҚ ислам ипотекасын бастады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Ислам қаржы принциптерімен құрылған жаңа өнімді Алматы, Астана және Шымкент қалаларының тұрғындары баспана алу үшін, бұрын алған ипотеканы қайта қаржыландыру үшін қазірден бастап алуына болады. Сондай-ақ, ипотеканы діни сеніміне қарамай, кез келген адам ала алады.
Ислам ипотекасының басты құралы Мурабаха дәстүрлі пайыздық мөлшерлеменің жоқтығымен ерекшеленеді, себебі шариғатта бұған тыйым салынған.
Банк тұрғын үй сатып алады да, оны клиентке үстеме бағамен бөліп төлеуге береді. Үстеме баға туралы клиент алдын ала біледі, қаржыландыру барысында ол баға тұрақты болады.
Бұл өнімнің тағы бір ерекшелігі – қолайлы төлем жасау тәсілі. Клиенттердің басым көпшілігі дәстүрлі банктің ақшалай төлемін (аннуитет) оңтайлы санайды, бірақ оны таңдаған кезде ипотеканың ақырғы құны ипотеканың мерзіміне қарай айтарлықтай ұлғайып кетеді. Al Hilal банкінің ислам ипотекасы бойынша төлем жасау схемасы қаржыландыру мерзімі барысында тең төлем жасауды қарастырады, бұл аннуитетке ұқсайды, бірақ дәстүрлі банктерге тән артық төлем болмайды.
«Қазақстандағы ислам банкингін дамытуда ислам ипотекасын іске қосу маңызды қадам. Бұл жеке тұлғаларды қаржыландыру бағдарламасының алғашқы өнімі. Клиенттер біздің өніміміздің артықшылықтарын, ерекше және тиімді шарттарын бағалайды деп үміттенеміз», - деді «Al Hilal» Ислам банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Елтай Мұхамеджанов.
Тэги:
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024